Биылғы қаңтар-шілде айларында жалпы ішкі өнімнің өсуі 4 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның экономикалық даму траекториясы орташа әлемдік қарқынынан жоғары өсімді сақтауда. Бұл ретте, ішкі экономикалық процестерге түзетулер енгізуі мүмкін әлемдік экономикадағы тәуекелдер көбейді. Ағымдағы жылғы қаңтар-шілденің қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсуі 4 пайызды құрады. Экономиканың өсуіне инфляциялық қысымның төмендеуі, жоғары инвестициялық белсенділік және экономиканың негізгі салаларында оң динамиканың сақталуы негізгі импульс берді. Инфляция ең төмен үш жылдық деңгейде сақталады. Жыл басынан бері ол 2,7 пайызды, бұл ретте жылдық инфляция 5,9 пайызды құрады», – деді министр қаңтар-шілдедегі əлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндамасында. Т. Сүлейменовтың сөзіне қарағанда, ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 87,7 млрд АҚШ долларын, оның ішінде Ұлттық қордың активтері – 56,8 млрд АҚШ долларын,а валюталық резервтері – 30,9 млрд АҚШ долларын қамтыды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<