МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕЙІ

356

0

МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕЙІ Ел экономикасының дамуы­на ерек­ше үлес қосып жүрген мұнай­шы­лар қауымы күздің алғашқы айында кәсіби мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Осыдан 30 жылдан ас­там уақыт бұрын Сыр өңірінде мұнай кеніштерін игеру басталып, арнайы мекемелер құрылды. Бүгінде облыс аумағындағы 14 компания 49 кеніште «қара алтын» өндіреді.

Кеше Н.Бекежанов атындағы об­лыстық музыкалық драма теа­трын­да өткен салтанатты шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ­тың әлеу­меттік-экономикалық дамуының негізін мұнай құрайтындықтан, бұл мерекенің ерекше екенін атап өтті және сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

– Тәуелсіз Қазақстанда мұнай-газ саласы ел экономикасының көш­басына шықты. Соңғы 30 жылда мұнай мен газ кластері, оның ішінде мұнайлы, ілеспе газды және конденсат өндіру, сондай-ақ, мұнай өңдейтін  зауыттар  мен  кәсіп­орындар да қалыптасты. Қа­зір­гі уақытта мұ­най өндіру кө­лемі төмендеуде. Сондықтан кәсіп­орындардың алдында тұрған негізгі міндет – игерілетін өнімдік қабаттардан мұнай алу мүм­кіндігін барынша арттыру. Бұл өндірілген шикізат көлемін ұл­­ғай­туға бағытталған заманауи құрылғылар мен ең озық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Аймақтың экономикасын әртараптандыру мақсатында металлургия, көлік логистикасы, агроөнеркәсіп кешені, шағын бизнес және туризм салаларын дамытудамыз. Соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі өнім аймақта 65 процентке өсті. Шикізаттық емес экспорт көлемі 2017 жылы 68 процентке, ал жалпыөңірлік өнім құрылымында өндіріс үлесі 5 жылда 2 есеге артты,– деп атап өтті аймақ басшысы.

Мерекелік жиында мұнай­шы­ларды ҚР Энергетика ми­нис­­­­трінің бірінші орынбаса­ры Махам­­бет Досмұхамбетов және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқар­ма төраға­сының орынбасары Құрман­ғазы Есқазиев құттықтады.

Шара барысында аймақтағы мұ­най-газ саласының үздік қыз­меткерлері Қызылорда облы­сының, ҚР Энергетика министрлігінің Құр­мет грамотасымен және Алғыс хатымен, төсбелгілермен марапатталды. Мерекелік шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<