«Ән мен әнші» Ұлы дала Астаналарында! Осындай атаумен елордамыздың 20 жылдығына орай жолға шыққан экскурсиялық-географиялық тележоба мүшелері Қызылордаға табан тіреді, – деп хабарлады Qyzylorda телеарнасы.
Шығармашылық топ қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарынан құралған. Ауқымды жобаның мақсаты – Ұлы дала еліне байырқалы байсын, киелі қоныс болған астаналардың тарихымен таныстыру. Тележоба мүшелері бұған дейін Атырау облысындағы Сарайшық қаласында болды. Енді Түркістан, Алматы қалаларындағы тарихи астаналарға сапар шекпек.
Елорданың 20, «Ән мен әнші» жобасының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған тележоба 8 шілде күні Астана қаласында қорытындыланады. Ал қала жұртшылығы кеше кешкілік орталық алаңда эстрада жұлдыздарының концертін тамашалады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<