НАСА басшысы Байқоңырға келеді

347

0

НАСА басшысы Байқоңырға келеді 2018 жылғы қазан айында «Союз МС-10» басқарылатын көлік кемесін ұшыруға байланысты Байқоңырға NASA әкімшісі Джим Брайденстайн келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин мен NASA басшысы үстіміздегі жылдың 10 қазанында NASA әкімшісінің кезекті Ресей-Америка экипажының ХҒС-ға ұшуына байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуы үшін Ресей мен Қазақстанға жасаған сапары кезінде Байқоңыр ғарыш айлағында алғашқы жеке кездесу өткізуге келісті.
Баспасөз қызмтетінің мәліметінше, Ресей мен АҚШ ғарыш ведомстволарының басшылары Халықаралық ғарыш стансасындағы жұмыстардың атқарылу барысын талқылаған алғашқы телеконференция өткізді. Айта кету керек, әңгіме барысында Дмитрий Рогозин америкалық әріптесін қазіргі таңда аумақтық-өндірістік кешенге жалғанған «Союз МС-09» кемесінен ауаның шығып кету себептерін анықтау үшін «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы басшылығымен комиссия құру туралы шешім қабылдағанын мәлім етті.
«Союз МС-10» аумақтық-өндірістік кешені Астана уақыты бойынша 2018 жылғы 11 қазан, сағат 14:40-та Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын болады. Халықаралық ғарыш стансасына жасалатын ұзақ экспедицияға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аттанады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<