Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев неге биіктерге ұмтылатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Біз екі өзенмен бөлініп тұрған ауылда тұрдық. Бірақ ол жердің бір ерекшелігі – ол Алатау тау бөктерлерінің етегінде болды. Мен таулардың арасында дүниеге келдім. Күнде оянған кезде тауларды көретінмін. Қазақтарда сөз бар ғой: кім тауға қарап өссе, сол адам биікке қарай ұмтылады. Менімен де дәл солай шығар», – дейді Мемлекет басшысы Instagram желісінде жарияланған видеода.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<