Назым Қызайбай «Странджа» турнирінде жеңімпаз атанды

880

0

Болгария астанасы Софияда дәстүрлі «Странджа» турнирінің алғашқы финалдық бәсекелері, еліміздің әнұраны бір рет шырқалды, деп жазады Olympic.kz.

Әйелдер арасындағы сында Назым Қызайбай жеңіске жетті. 50 келі салмақта бақ сынаған ол ақтық сында алжирлік Румайса Буалеммен кездесіп, 5:0 есебімен ұтты. Үшінші раундта Назымның қарсыласы нокдаун алды.

Еліміздің он дүркін чемпионы Ләззат Күнгейбаева 81 келіден жоғары салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда ресейлік Дума Лумбуловадан жеңілген.

Сондай-ақ, 54 келідегі Дина Жоламан мен 48 келідегі Дамир Әбдіқадыр да турнирді күміспен аяқтады. Дина болгариялық Станимира Петровадан ұтылса, Дамир өзбекстандық Хасанбай Досматовқа есе жіберді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<