ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жария еткен бес ауқымды әлеуметтік бастамаларына қатысты пікір білдірді.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі бастамалары – елімізге, халқымызға жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар»,-деп атап көрсетті спикер. Ол біздің еліміздің әрбір азаматына баспана, салық және білім жағынан жан – жақты қолдау көрсетуге бағытталып отыр. «Сондықтан, Президентіміздің осы тарихи бастамаларын өте жоғары деңгейде, сапалы заңдармен қамтамасыз ету – ол Парламенттің ең негізгі, ең жауапты, ең абыройлы міндеті»,-деді Н.Нығматулин.
Дереккөз: egemen.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<