Облыс әкімі Қадір түнінде 1000-ға жуық адамға арнап дастарқан жайды

304

0

Облыс әкімі Қадір түнінде 1000-ға жуық адамға арнап дастарқан жайды Мың айдан да қайырлы болған қасиетті Қадір түнінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы асханада 500-ге жуық адамға ауызашар, 500 адамға сәресі беріп, барша жамағатты Рамазан айының мүбарак түнімен құттықтады.
Бас мешітте ашылған «Құран жаттау орталығы», «Кітапхана», «Араб тілі орталығы», «Кеңес беру орталығы» жұмыстарымен, жаңартылған жаңа үлгідегі мешіт кілемдерімен, өзге де өзгерістермен танысқан аймақ басшысы өкіл имамға алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Облыстық мешітке келушілер ақшам намазынан кейін асханада ауыз ашып болған соң, білікті ұстаздардың уағыздарынан сусындап, құлшылықтарын жасады.
Тарауық намазынан кейін Хатым дұғасы жасалып, Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы қариға тарауық намазын жоғары деңгейде өткізіп, өз үлесін қосқаны үшін қазақы дәстүрмен шапан жауып, алғыс хат табыстады.
Бұдан кейін, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, Рамазан айының құрметіне облыстық мешіттер шәкірттері арасында өткізілген «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу» жарысы мен облыс тұрғындары арасында болған «Менің алғашқы оразам» шығарма жазу бәйгесінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.Облыс әкімі Қадір түнінде 1000-ға жуық адамға арнап дастарқан жайды
«Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан» өткізілген сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Әлиакбар Жәдігер (70 000 тг);
ІІ орын – Мұхаммеджанұлы Бақытжан (50 000 тг);
ІІІ орын – Мұхаммедқали Қайрат (30 000 тг) оза шауып, байқау жүлделеріне ие болды.
«Менің алғашқы оразам» шығарма жазу бәйгесінің хат қоржынына 50-ден аса шығарма түсіп, арнайы құрылған комиссия мүшелерінің шешімі бойынша:
І орын (50 000 тг) – Болатова Майра (Қызылорда қаласы);  
ІІ орын (30 000 тг) – Қаржаубаева Гүлнұр (Байқоңыр қаласы);
ІІІ орын (20 000 тг) – Сыпабек Құралай (Шиелі ауданы) жүлделі орындарға ие болып, үздік деп танылды.
Сонымен қатар, кеш барысында сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, өкілдік тарапынан сыйлықтар тағайындалды.
Мешіт жамағаты кемел құлшылық түнін сәресі ішіп, таң намазын бірге оқумен аяқтады. Облыс көлемінде барша мешітте Қасиетті Қадір түні жоғары деңгейде өткізіліп, жамағат ауызбіршілігі арта түсті.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<