ОБЛЫС ӘКІМІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

349

0

ОБЛЫС ӘКІМІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин мен Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Йорн Розенбергпен кездесті. Кездесу барысында әріптестік мәселелері талқыланды.

 Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесіп, жаңа қызметімен құттықтады әрі облыстың инвестициялық әлеуетін таныстырды.

«Өңірлік сауда-экономикалық әріптестікті дамыту жұмысымыздың басым бағыты болып табылады. Ортақ жұмыстың арқасында 2018 жылдың 1 тоқсанында Қызылорда облысы мен Ресей Федерациясының өзара сауда жасау көлемі 14 437,6 мың АҚШ долларды құрап, 2017 ж. осы кезеңмен салыстырғанда 16,7 пайызға артты», – деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы Қазақстандағы Германияның Бас консулы Йорн Розенбергпен кездесті. Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Йорн Розенберг аймақтың әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ракета ұшырылымын тамашалады.ОБЛЫС ӘКІМІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 

Кездесу барысында Қазақстанда өкілдіктері бар неміс компанияларының Қызылорда облысындағы түрлі жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Өз кезегінде, дипломатиялық миссия өкілдері аймақпен әріптестік орнатуға қызығушылық танытты.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<