ОБЛЫС ӘКІМІ ТИТОВТАҒЫ ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ОРНЫНА БАРДЫ

406

0

ОБЛЫС ӘКІМІ ТИТОВТАҒЫ ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ОРНЫНА БАРДЫ Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Титов тұрғын ауданындағы бір бөлігі құлаған жатақхана орнына барды. «Мұрагер» мектебіне уақытша орналастырылған тұрғындармен жүздесті.  

 Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 22.40-та Титов тұрғын ауданы 16А мекенжайы бойынша орналасқан жатақхананың тұрғындар қоныстанбаған бөлігі құлады. Ғимараттың төртінші подъездінің 1 және 5 қабаты аралығындағы бөлігі опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Жатақхананың екінші бөлігінде тұратын 46 отбасы қауіпсіз жерге, «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетке көшірілді. Оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғындар тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда, аталған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды. Облыс әкімі Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындар 6 ай мерзімге уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қаржысы жергілікті бюджеттен беріледі. Сондай-ақ, арнайы комиссия құрылып, олар әр тұрғынның жағдайын зерттеп, заң шеңберінде баспанамен қамтамасыз етілмек.

Аталған жағдай облыс əкімдігі мен қала басшылығының жіті бақылауында.

ОБЛЫС ӘКІМІ ТИТОВТАҒЫ ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ОРНЫНА БАРДЫ ОБЛЫС ӘКІМІ ТИТОВТАҒЫ ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ОРНЫНА БАРДЫ 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<