Сіздерді қонақжай Сыр өңірінде қуаныш сезіммен қарсы ала отырып, облысқа келгендеріңізге шынайы алғысымызды білдіргім келеді. Сондай-ақ, біздің форум жұмысына онлайн режимінде қатысып отырған сарапшыларымызға алғыс айтсақ деймін.
Қызылорда облысы – күллі түркі әлемінің рухани жетекшісі ұлы Қорқыт ата жасампаздықпен өмір сүрген өңір. Дәл осы біздің Байқоңырдан бүкіл адамзат баласы үшін тұңғыш рет ғарышқа жол ашылды. Қазір бұл өңірде небір батыл идеялар жүзеге асуда. Ал, бүгін Өздеріңізбен цифрландыру мәселесі бойынша өзекті мәселелерді талқылайтын боламыз.
Баршаңызға белгілі, адамзат төртінші өнеркәсіптік революцияның табалдырығында тұр. Біздің уақыт өтпелі кезең болып саналады. Соған қарамастан төртінші революция қазірдің өзінде өз әмірін жүргізуде. Онлайн мен оффлайн арасындағы шекара ажырап, киберфизика жүйесінің уақыты келді. Осының барлығы бұл жүйедегі салалар құрылымына және мемлекеттің рөліне өзгеріс енгізуде.
Бүгінгі таңда цифрландыру кәсіпорындар, елдер арасындағы тұтастай алғанда бәсекелестікті арттыру, сондай-ақ, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін қажет болып отыр.
Осы жылдың мамыр айында өткен Астананың Global Challenges самитінде Мемлекет басшысы ғалам дамуының басты бес мегатрендтерін, оның ішінде адамзаттың өмір сүру салаларындағы цифрландырудың барлық буындарын, ауқымды еңбек нарығындағы өзгерістерді, урбанизациялауды трансформациялаудың сипаттарын атап көрсетті.
Тәуелсіздік жылдары ішінде біз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ендік. Бүгінгі міндет 30 елдің қатарында болу, ал, ол Қазақстаннан инновациялық дамудың және технологиялық жедел жаңғырудың жаңашылдығын талап етеді.
Интернет пайда болғаннан бері ол тұтынушылардың жүрегін жаулап алды десе де болады. Қазір оның төңірігінде цифрлық сервистер, өнімдер мен жүйелер шоғырланған. Соған қарамастан бұл бағыттағы прогресс тоқтамақ емес. Қайта өңдеу құнының төмендеуі, мәліметтерді сақтау және беру бізді жаңа сапалық биіктерге жетелеп отыр. Цифрландыру қазірдің өзінде бұлжымайтын үрдіске айналды. Оны біз күнделікті өмірде байқап отырмыз.
Бүгінгі әлем жаңа сипатта дамуда. Оны гаджеттер, әлеуметтік желілер, 3D принтерлер, мұхиттар мен құрлықтар арасында бейне хабарламаларсыз елестету мүмкін емес.
Қазір:
– біздің қалтамызда банк, дүкен, теледидар, пошта бөлімшесі, билет кассасы, фотоателье, метеобюро, және басқа да керемет дүниелер бар.
– ірі сауда ойыншысының бірде-бір қоймасы, ірі такси паркінің өзіндік машиналары жоқ.
– әрбір екі минут сайын біз ХІХ ғасырда бүкіл адамзат баласы жасаған фотосуреттерді түсіре аламыз, әрбір минут сайын YouTubeті 100 сағат бейнекөріністермен қамтамасыз ете аламыз. Адамзат тарихының он алты жылы ішінде біз осылайша күн сайын Big Data қалыптастыра аламыз.
Демек, біз алдағы екі күн ішінде 2003 жылға дейін бүкіл адамзат баласы өз тарихында жасаған мәліметтерді қамтамасыз ете аламыз.
Цифрлық технология өркендеген елдер жақсы дамып, байитын болады. Цифрлық технологиялар жаңа «мұнайға» айналды. Әлемдік сарапшылардың болжамы бойынша 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың 25 проценті цифрлы экономикаға айналады. Қазірдің өзінде көптеген елдер осы жанкешті бәсекеге кірісіп кетті.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Корея, Сингапур, Германия, Жапония, Щвеция, Дания, АҚШ, Италия, Бельгия және Тайвань автоматтандыру бойынша көшбасшы елдер қатарына қосылды. 2010-2016 жылдар аралығында роботтар шығарудың тығыздық өсімі орташа жыл ішінде Азияда – 9, АҚШ-та – 7, Еуропада 5 процент болды.
Қытай роботтандыру саласында 2013-2016 жылдары серпінді қимыл жасады. Күншығыс елі өндіріс саласында 10 мың жұмысшыға шаққанда роботтардың тығыздығын 25-тен 68 машинаға жеткізді. Бүгінгі таңда Қытай осы салада әлемде 23 орынға көтерілді. Қытай билігі бұл межемен тоқтап қалмай, роботтардың өндіріске енуін 2020 жылы 150 мың машинаға жеткізбекші.
Электронды сауданың орнына электронды экономика келеді. Бұл орайда, тауардың Қытайда немесе АҚШ-та жасалғаны маңызды емес, өндіріс жаңа жұмыс орындарын құрмайды, себебі, жасанды интеллект өндіріспен айналысатын болады.
Alibaba ауқымды электронды коммерция жүйесін құрушы Джек Маның пікірінше, барлық бизнес мобильді телефонға көшетін болады. Болашақта осы смартфон біздің негізгі жұмыс берушіміз болмақ. Сондай-ақ, ол біздің жалғыз төлем құралымыз да болады. Барлық сауданы соның көмегімен жүргізетін боламыз. Сарапшылардың болжамы бойынша алдағы жиырма жыл ішінде қолма-қол ақша жоғалады. Барлық төлемдер цифрланады, бұл экономиканы толығымен ашық етіп, сыбайластықты түп-тамырымен жояды.
Цифрландыру – өміріміздің барлық салаларын қамтиды. Жекелеген салаларға басымдық беру керек пе немесе бірыңғай орта қалыптастыру дұрыс па деген сауалдарға жауап бергенде, менің ойымша, цифрландыру – бұл ғаламдық құбылыс. Белгілі бір саланы мөлшермен шектеуге болмайды және өкінішке қарай, жетістіктерді жоспарлауға да болмайды.
Мынадай қызықты оқиға бар. Мысалы, Якутияда компьютерлік ойындар мен медиа саласында стартаптар серпін алды. Якутияда осындай болады деп кім ойлаған? Тек жәй ғана бірнеше кәсіпкер болды, оларға жақсы қолдау көрсетілді және олар мегабизнес құрды. Сондықтан, саланы жоспарлауға болмайды, оның есесіне, ортаны қалыптастыруды жоспарлау қажет.
Қазақстанға келетін болсақ, біздің еліміз экономиканың негізгі салаларына (9 сала) инновациялық өзгеріс жасауға басымдық берді. Әсіресе, негізгі тірек – энергетика мен шикізатқа, агроөнеркәсіп кешеніне, өнеркәсіп, логистика және ақпараттық технологияға жасалды. Қазақстан экономикасы цифрландыру деңгейі бойынша 85 мемлекеттің арасындағы рейтингте 50-орында және цифрлы экономиканың бастаушы тобына кіреді.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, цифрландыру нәтижесінде Қазақстан экономикасы 30 процентке ұлғайып, қаржыға шаққанда 2 трлн теңгені құрайтын болады.
Әлемдік және отандық трендтерді ескере отырып Қызылорда облысы цифрландыру бойынша алғашқы қадамдарын жасауда.
Өткен жылы желтоқсанда біз жас ІТ-мамандарының «HackDay-2017» алғашқы аймақтық фестивалін өткіздік, аймақтық ІТ-саябақ ашылды. Халықаралық тәжірибені оқып-үйрену үшін облыс делегациясы Татарстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының «SmartCity» үздік орындарында болды.
«ҚазГерМұнай» мұнай компаниясы облыс аумағында «ақылды кеніш» технологиясын енгізді және Қызылорда облысындағы атом өнеркәсібінің кен өндіру кәсіпорындары сандық технологияны қолдану бойынша жұмыстарды бастады.
Анықтама: Атом өнеркәсібімен айналысатын «Байкен – U» серіктестігі геотехнологиялық полигонды басқару жүйесінде 3D модельдік бағдарлама кешенін қолдануда.
2018 жылы облыста цифрландыруды дамыту бойынша облыстық бюджеттен 2,4 млрд теңге бағыттау қарастырылған. Бұл орайда ақылды басқару, білім, денсаулық сақтау, ТКШ, көлік, қауіпсіздік және бизнес саласында 50-ге жуық жобалар жүзеге асырылуда.
Аймақта цифрландыруды жүзеге асырудың бағытын әрі қарай айқындау үшін, біз халықаралық және отандық сарапшылар, цифрландыру саласындағы жетекші компаниялар мен инновациялық орталықтардың қатысуымен бүгінгі интернет форумды өткізіп отырмыз. Мұндай форумдар тәжірибе алмасудың бірегей алаңы болып табылады және цифрландырудың жетекші сарапшыларының мүмкіндіктерін біріктіреді.
Мысалға, қазір Қызылорда қаласының сол жағалауында жаңа қаланың құрылысы басталды. Біз осында «ақылды қала» элементтерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан, біз Сіздердің тәжірибелеріңізге қызығушылық танытамыз.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев атап өткендей: «Экономиканы жан-жақты цифрландыру бүтіндей салалардың жоғалып, жаңаларының пайда болуына әкеліп соғады. Біздің көз алдымыздағы ұлы өзгерістер – бұл бір мезгілде тарихи шақырулар және біздің ұлтымыз үшін мүмкіндік болып табылады».
Біз уақыт шақыруына жауап беруге ниеттіміз және оны дамудың мүмкіндіктеріне айналдыруға ұмтыламыз.
Құрметті форумға қатысушылар!
Құрметті сарапшылар!
Жұмыс уақыты кезінде Google мынадай мәлімет берді, өркениеттің пайда болған сәтінен бастап 2003 жылға дейін қанша ақпарат құралса, әрбір екі күн сайын адамдар соншама ақпарат дайындайды екен. Шамамен 5 экскабайт мәлімет (1 экскабаит – квинтиллион, 1018 байт)
Мұның өзі біздің әрқайсымыздың цифрландыруды дамытуда өз үлесімізді қоса алатынымызды білдіреді. Сондықтан, Сіздерді өз тәжірибелеріңізбен бөлісіп, біздің өңірдің цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға шақырамыз.
Сөзімнің соңында, инновациялардың болмай қоймайтынын атап өткім келеді. Олар біздің өміріміздің барлық салаларын қамтиды және біз қандай болашақ күтіп тұрғанын ғана таңдай аламыз.
Назарларыңызға рақмет!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<