Бүгінгі облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлының қатысуымен өткен брифингте әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар айтылып, маңызды аспектілеріне тоқталып өтті, содан кейін сауалдарға жауап берілді.
Атап айтқанда, білім саласы:
Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітіруші 7113 баланың 4742-і (66,7%) қатысты. (2017 жылы – 6196 бала, 4123-і (66,5 %) қатысты).
ҰБТ қорытындысымен облыс бойынша орташа балл – 85,82 балды құрады. (2017 жылы- 82,4 балл.)
Жалпы облыста 100 балдан жоғары жинаған бала саны былтырға қарағанда – 330 (1131 оқушы) балаға өсіп отыр. (2017 жылы – 800 ).
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған облыс бойынша 2371 бітірушінің 669-ы (28,2%) жоғарғы оқу орындарына, 1184-і (50%) колледждерге, 16-ы (0,6%) қысқа мерзімді курстарға оқуға түсу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Облыс бойынша шекті деңгейден өтпеген 113 болса (былтырғы жылы 148 бала 3,5%), оның 44-і (38,9%) ақылы негіздегі жоғарғы оқу орындарына, 69-ы (61,06 %) ақылы негізде және тегін орта кәсіптік мектептерге оқуға тапсыру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Жазғы демалысты ұйымдастыру
Облыс бойынша 2018 жылы 1-10 сынып аралығында оқитын 140464 баланың 136160-ын (97%) жазғы демалыспен қамтылды.
Қоғамдық саяси шаралар.
2018 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, есепті мерзімде күнтізбелік жоспары аясында 30 ірі көлемді шара өтті.
«Ел жүрегі – Астана» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу» Тұжырымдамасына сәйкес бекітілген облыстық іс-шаралар жоспары аясында есепті мерзімде облыс көлемінде 250-ден астам шаралар өткізілді.
Мәдениет саласы:
Биылғы жылы типтік жобада сай облыстық мемлекеттік архив ғимараты, Шиелі ауданындағы Еңбекші, Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылдық клубтарының құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
2018 жылдың айында 1 халықаралық, 4 республикалық, 17 облыстық конкурс-фестивальдер ұйымдастырылды.
Сыр бойы өнері мен мәдениетін алыс-жақын шетелдерге таныстыру, насихаттау бағытында 4-11 наурыз аралығында филармонияның өнер ұжымы Ресей Федерациясының Орынбор қаласы мен аудандарында бірқатар концерттер берсе, 5-9 сәуір аралығында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Наурыз мерекесінде өнер көрсетті.
Сондай-ақ, жақында ғана Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры ұжымы Шотландияның Эдинбург қаласында (Шотландия) өткен «Фриндж» халықаралық фестиваліне қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклімен қатысты.
Өңірімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, облыс көлеміндегі 12 ескерткіш 2017 жылдың нәтижесімен жарыққа шыққан «Жалпыұлттық қасиетті нысандар», 35 нысан «Өңірлік қасиетті нысандар» кітаптарына енгізілді.
Ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Қышқала, Сортөбе Бәбіш мола, қалашықтарына археологиялық зерттеулер жүргізілуде. Бүгінгі күні Сығанақ қалашығының аумағы толықтай қоршалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Сығанақ қалашығының солтүстік-шығыс қақпасын және орталық көшесін қалпына келтіру шаралары жүргізілуде.
Екінші, «Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы 1 қарашаға дейін толық жүзеге асырылып, кезең-кезеңімен 150 ескерткішке QR-код тақтайшалары орнатылатын болады.
Денсаулық саласы:
Денсаулық сақтау саласында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде жұмыстар жасалуда.
Демографиялық ахуал: Ағымдағы жылдың 6 айында 9031 нәресте дүниеге келіп, өткен жылмен салыстырғанда (8901), 130 балаға көбейді. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде 12,1.
Сәбилер өлімі көрсеткіші 5,7% төмендеді. (ҚР бойынша 8 орында)
Кешенді атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өлім жітім 11,6% төмендеп, 65,2 құрады (2017ж-73,8; ҚР-78,1; ҚР бойынша 12 орында).
Облыс бойынша туберкулездің негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштері тұрақтанды.
Спорт саласы:
Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Облыстық бюджеттен 7 елді мекенде, атап айтсақ Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылыс жұмыстарын толық аяқтау үшін 2018 жылға 1293,8 млрд.теңге қаржы қаралып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2018 жылы 7 жобаны іске асыруға жұмыстар атқарылып жатыр.
Жастар саясаты бойынша.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес өңір халықының 24 пайызын жастар құрайды.
Жастар саясаты мәселесінің негізгі басым бағыттарының бірі – аймақта жастар жұмыссыздығын азайту.
Өткен жылы 316 жұмыссыз жас құрылысшылар жасағының құрамына тартылса, қазіргі таңда құрылыс жасағына 47 жас жұмысқа тартылып жыл көлемінде 300 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда.
Сонымен қатар, жазғы маусымда «Жасыл Ел» жобасы аясында 1035 жас көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тартылатын болады.
2018 жылы 205 грант бөлініп, бүгінгі күні жалпы бөлінген грант саны 883-ке жеткізілді. 2016 және 2017 жж. 116 студент (2016 ж.- 9, 2017 ж.-107) оқуын бітірсе, 2018 жылы 226 бала оқу орнын аяқтады.
Сол секілді 2014 жылы Ресей Федерациясы гранты есебінен Ресейдің маңдайалды инженерлік оқу орындарына оқуға түскен түлектеріміздің алғашқы легі, яғни 75 студент өз дипломдарын алды.
Қазір олардың дені оқуын жалғастыру мақсатында магистратураға тапсырып жатса, елге оралған 6-ы тұрақты жұмысқа орналасты.
Қалған түлектерді облыстың бірқатар кәсіпорындары жұмысқа қабылдауға дайын.
Бірқатар түлектер мемлекеттік қызметтің кадрлық резервіне алынатын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<