Облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі лауазымына Тасжанов Ғалымжан Алтынбекұлы тағайындалды.
Ғ. Тасжанов 1977 жылы туған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери академиясын және Санкт-Петербург қаласындағы Михайловск әскери-артиллериялық академиясын бітірген.
1995 жылдан бері әскери қызметте.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласының қорғаныс істері басқармасының бастығы қызметін атқарып келді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<