Облыста 517 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған

403

0

Облыста 517 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған Биыл облыста Қышқала, Бәбіш мола сияқты көне қалаларына қазба жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімдігінің қолдауымен соңғы төрт жылда Сыр өңіріндегі Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат, Сортөбе, Жент шаһарларына және Кердері кесенесіне еліміздің және жергілікті ғалымдардың қатысуымен археологиялық зерттеу жүргізілген еді. Сондай-ақ, Сыр өңірі ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мақсатында нақты іс-шаралар қолға алынды. Осы мақсатта Сығанақ, Жанкент қалашықтары, Сауысқандық петроглифтері және Жеті асар мәдениет ескерткіштерінің толық құжаттамалар топтамасы әзірленген. Олардың қорғау аймақтары белгіленді.
«Облыс бойынша 517 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 30-ы ескерткіш республикалық, 256-ы жергілікті маңызы бар, 231-ң тарихи-мұра нысандарының алдын-ала тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдығ екінші жартысында белгілі тұлғаларды ұлықтау мақсатында облыс және аудан орталықтарында жаңа ескерткіштер бой көтереді»,- дейді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<