Облыста мүгедек кәсіпкерлердің көрме-байқауы өтті

574

0

Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында облыста «Өзіңе сене баста» мүгедек кәсіпкерлердің көрме-байқауы өтті.


Оны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы ұйымдастырды.


Облыстан жиналған байқауға қатысушылар дайын өнімдерін ұсынды. Байқау барысында көрермендер мүгедек жандардың би өнерлерін тамашалады.


Іс-шара облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменованың құттықтауымен және ақшалай сыйлығын табыстаумен қорытыланды.


Жыл ішінде кәсіппен айналысамын деген 150-ге жуық мүгедек «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқытылып, 101 кәсіпкер гранттар мен несиеге ие болып, кәсіптерін ашып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<