15 қарашадан бастап елімізде жасөспірімдер мен жүкті әйелдер және емізулі аналар арасында вакцинациялау жұмыстары басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметіне облыстағы екпе егу қалай жүріп жатқанын қалалық емхананың дəрігерлері №1 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Сұлтангереева Гүлнар Әбдіжәмиқызы және №3 қалалық емхананың жасөспірімдер дəрігері Ибадуллаева Айым Мырзаханқызы толық ақпарат берді.
– Ең алғаш вакцинациялау жұмысын 15 қарашада медициналық колледж студенттері бастады. Вакцинациялау жұмысын жүргізу барысында әрбір жасөспірімнің ата-анасының жазбаша түрдегі рұқсатынан кейін жасөспірім дәрігердің бақылауынан өтіп, қарсы көрсеткіші болмаған жағдайда ғана вакцинациялауға рұқсат беріледі. Екпе алғаннан кейін 30 минут дәрігердің бақылауында болып, әрі қарай 3 күндік аймақтық дәрігердің бақылауына жіберіледі. Бүгінгі таңда, «Pfizer» вакцинасын біздің емханаға қарасты 427 жасөспірім, 3 жүкті әйел, 20 босанғаннан кейінгі әйел алды. Барлығы 450 адамға салынды. Осы вакцина алған тұрғындардың ішінде бүгінге дейін ешқандай асқыну тіркелген жоқ, – деді Сұлтангереева Гүлнар Әбдіжәмиқызы.
– №3 қалалық емхана бойынша «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-вакцинасының бүгінгі таңға дейін емхана қорына түскен саны – 1530 доза. Оның салынғаны – 798 доза, атап айтар болсақ егілгендердің арасындағы жалпы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны – 682. 12-17 жас аралығындағы екпе алған жасөспірімдердің, яғни 682 баланың 392-сі мектеп оқушылары болса, 290-нын колледждер мен ЖОО-ның студенттері құрайды. Ал жүкті әйелдер мен емізулі аналар арасында екпемен қамтылғаны – 116, оның 26-сы емізулі аналар болса, 90-н жүкті әйелдер құрайды. Қазіргі таңда емхана қорындағы вакцинаның қалдық саны – 732 доза, 122 флакон,- деп Ибадуллаева Айым Мырзаханқызы мәлімдеме берді.
Бүгінде емханаға қарасты 10 мектептің мұғалімдері мен ата-аналары арасында емхананың дәрігерлері мен эпидемиолог мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<