Облыста соңғы екі күнде коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ

679

0

Бүгінде облыста коронавирус инфекциясының 3245 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыс бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

-Жалпы облыс бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалануда. Коронавирус инфекциясы соңғы 2 күнде тіркелген жоқ. Дегенмен, бұл бәсеңсейтін кезең емес. Өйткені кез келген короновирустық инфекция болсын, немесе жоғары тыныс алу жолдары секілді жұқпалы аурулардың кезеңдік көтерілетін мезгілі. Үстіміздегі жылдың 6-шы қазанынан бастап еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №54 қаулысы күшіне енді. Қаулыға сәйкес сырттан елімізге келетін адамда кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болуы шарт. Ал анықтамасыз шетелден келген ҚР азаматтары 2 тәулікке карантиндік стационарға жіберіледі. Бұдан бөлек, өңірімізде әлі де болса бірқатар шектеулер өз күшінде қалады, – деді Әлия Әбдіқайымова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<