Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 224,4 млрд теңгенің өнімін өндірді

866

0

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 224,4 млрд.теңгенің өнімін өндірді.


2022 жылы индустрияландыру бағдарламасының үшінші бес жылдығы аясында жалпы құны 10,7 млрд. теңгені құрайтын, 316 жұмыс орындары құрылатын 5 жобаны іске асыру жоспарланған.

Олар:
1) «Құрғақ құрылыс қоспалар өндірісі» («Арал Кварц» ЖШС). Жоба құны – 1947 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 172,8 мың тонна; Жұмыс орындары – 73 адам, жүзеге асырылу орны – Арал ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.


2) «Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы» («Қармақшы құс» АҚ). Жоба құны – 1975 млн.теңге; Қуаттылығы – жылына 1500 тонна, жұмыс орындары – 60 адам, жүзеге асырылу орны – Қармақшы ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.
3) «Балық өңдеу цехы» («Тұрған тамы» ШҚ). Жоба құны-600,0 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 324 тонна, жұмыс орындары – 40 адам, жүзеге асыру орны – Қармақшы ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

4) «Тауық етін өндіруді қамтамасыз ету мақсатында бройлерлер өсіру және тауық етін қайта өңдеу бойынша құс фабрикасы» («Абдулла» ШҚ). Жоба құны-5,2 млрд.теңге. Қуаттылығы – жылына 3,5 мың тонна, жұмыс орындары – 120 адам, жүзеге асыру орны – Жаңақорған ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.


5) «Мал сою пунктін жаңғырту және ет комбинатын салу» («Сыр Маржаны» ет өңдеу кешені» ЖШС). Жоба құны-952,7 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 5,0 мың тонна, жұмыс орындары – 23 адам, жүзеге асыру орны – Қызылорда қаласы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<