Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

831

0

Облыс әкімінің өкімімен Тремасова Юлия Александровна Қызылорда облысының цифрық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Юлия Тремосова 1975 жылы туған, Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы «Қызылорда электр жарығы» ЖШС-нің жұмыскері ретінде бастаған.1996 – 2005 жылдары Қызылорда облыстық экономика басқармасының маманы, І дәрежелі маманы, аға маманы, жетекші маманы, бас маманы; 2005 – 2018 жылдары Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы.

2018 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<