«Омикронның» таралуы пандемияны аяқтауы мүмкін – сарапшы

549

0

Коронавирустың «Омикрон» штамының таралуымен COVID-19 пандемиясы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Гамалея орталығының профессоры Анатолий Альтштейн айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

«Дельта» кетеді, оның орнына осы вирус келуі мүмкін, бірақ қазіргідей қауіпті індет болмайды. Қазір шамамен адамдардың 3 пайызы мерт болып жатыр, ал осы штамм («омикрон» – автор.) шынымен тараса, патогенділік төмендеуі мүмкін. Коронавирустан өлім жағдайлары тұмаумен бірдей болғанда, пандемия аяқталды деп ойлай берсек болады. Пандемия «омикронмен» аяқталуы мүмкін», – деді Альтштейн Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Ол жаңа жылға дейін «омикрон» штамы таралып үлгермейтінін атап өтті. Сондай-ақ, ғалымдардың жаңа штамм ерекшеліктері туралы қазіргі мәліметтеріне сәйкес, көп жағдайда ауру ауыр формада өтпейтіні айтылды. «Рас, болашақ менің болжамымды дәлелдеуі мүмкін, өйткені вирус қазір қарт адамдарға жетпеген болуы мүмкін», – дейді маман.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<