Орыс тілі апталығы

1008

0

Орыс тілі апталығы Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы концерттік бағдарлама қойды. «Русская ярмарка» атауымен лицейде өткен шара «Орыс тілі апталығына» арналды.

Қыздарға арналған қазақ-түрік лицейінің тәрбиеленушілері жәрмеңке ұйымдастырып, келуші қонақтарды тәтті тоқаш және тұзды нандарымен қарсы алып, домбырада күй шертті. Орыс орамалы мен матрешканың тарихы туралы видеоролик көрсетті. Жаңылтпаш айтудан әдеби викторина ұйымдастырды. «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Галина Сергеевна мен интернат-лицейдің жетекшілік өкілдері Қазақстан мен Ресейдің, қазақ және орыстардың ежелден келе жатқан достастығы туралы айтып өтті.

Славян этномәдени бірлестігінің белсенділері ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерлерін ортаға салды. Жиналғандардың алдында «Сударушки» вокалды тобы, «Жемчужинка» би тобы, жас таланттар Виктория Миклина, Валерия Фролова, Елена Павлова және тағы басқалар сахнаның көркін қыздырды.

 

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<