Қоржында – 6 жүлде

374

0

Қоржында - 6 жүлде Таиландтың Чиангмай қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Қызылорда облысының құрамасы 6 жүлдені қоржынға салды.

Жекелей сында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынасқан Назерке Нұрғали рапид бойынша күміс жүлдені иеленсе, өз жас ерекшелігінде командалық есепте классикадан екінші болды.

8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында сынға түскен Кәусар Али командалық есепте рапидтен алтын, классикадан күміс жүлделерді еншіледі. 16 жасқа дейінгі қыздар арасында Әсел Серікбай блиц және классикадан қола жүлделерге қол жеткізді.

Жалпы жарысқа әлемнің 26 елінен 570 спортшы қатысты.

Спортшылар №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде тәлім алады.

17-30 сәуір аралығында Албанияның Дуррес қаласында оқушыларарасында өтетін Әлем чемпионатында Назерке Нұрғали мен Кәусар Али ел намысын қорғаса, Әсел Серікбай Алматы қаласында болатын ҚР чемпионатының финалына әйелдер арасында алғашқы рет бақ сынасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<