ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

589

0

ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Сырдарияның сол жағалауындағы  тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарды электр құатымен қамту мақсатында қуаттылығы 32 мВт жабық трансформаторлық қосалқы станциясының құрылысы салынды. 

Естеріңізге сала кетейік, сол жағалаудағы бірінші кезекті нысандарды үздіксіз жарықпен қамту мақсатында 2017 жылдың шілде айында жалпы қуаттылығы 32 мВт 3 күштік трансформаторы бар қосалқы станцияның құрылысы басталған еді. Бұл көлем жаңа қаланың нысандарын электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті, дейді мамандар.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосалқы станцияны жабық түрінде, кірпіштен салып, артық кернеуге төзімді әрі құрамында май болмағандықтан экологиялық таза құрғақ трансформаторлар пайдаланылған. Сондай-ақ, қосалқы станция ылғалдылық әсерінен қорғалған әрі пайдалану шығындары аз, дыбыс және вибрация деңгейі төмен және сандық технологиялардың көмегімен басқарылады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаиннің айтуынша, нысанда заманауи қауіпсіз технологиялар мен материалдар қолданылады.

«Нысанның құрылыс материалдары мен элементтері қолдануда ыңғайлы әрі қауіпсіз және Цельсий бойынша  -40 пен + 40 градус температурасында жұмыс істейді, ол біздің ауа райында өте маңызды шарт. Трансформаторлардың сырты өртенбейтін материалдардан жасалғандықтан, өрт шығуға жол бермейді және сыртқы от көзі салдарынан басталған өртте улы газ шығармайды. Сондай-ақ, қосалқы станция ылғалдылық әсерінен қорғалған әрі пайдалану шығындары аз, дыбыс және вибрация деңгейі төмен және сандық технологиялардың көмегімен басқарылады. Мұнда диспетчерлік басқару, байланыс каналдары арқылы телеақпарат жіберу және электр қуатын тұтыну есебі қарастырылған», – деп мәлімдеді Медет Усаин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<