Пандемияға қарсы іс-қимыл күрес мәселесі таразыланды

1201

0

Бүгін Достық үйінің мәжіліс залда Пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық азаматтық штаб өкілдерімен кездесу өтті.


Маңызды іс-шарада ҚР Премьер-Министрі орынбасарының баспасөз хатшысы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев, Пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық азаматтық штаб мүшелері Серік Беркамалов және Мирас Аукенов, облыстық басқармалардың, мекемелердің, бірлестіктердің басшылары, қоғамдық белсенділер, БАҚ өкілдері қатысты.


Кездесудің басты тақырыбы халыққа COVID-19 вакцинациясының коронавирустық инфекция пандемиясымен күрестегі жалғыз дұрыс шешім ретінде маңыздылығын түсіндіру болды.


Республикалық азаматтық штаб мүшелері елді ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, халықтың 70-80%-ын вакцинациялау нәтижесінде COVID-19-дан сырқаттанушылық пен өлім деңгейін азайту мүмкін болатын әдеттегі өмірге қайтаруды мақсат етіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<