Парламенті Мәжілісінің депутаты Шиелі ауданында болды

449

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балайым Туғанбайқызы жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып, аудан ахуалымен танысты.

Ауданымызға кезекті іс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының мақсаты елмен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдау болды.

Мәжіліс депутаты Кесебаева Балайым Туғанбайқызының елмен жүздесуінде «Nur Otan Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы, аудан әкімінің орынбасары Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы, «Nur Otan Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сыздық Болат Мүбаракұлы және мәслихат хатшысы Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы, аудандық мәслихат депутаты Рысбаева Ақсамал Сардарбекқызы және БАҚ өкілдері бірге жүрді.

Іс-сапар барысында Мәжіліс депутаты Кесебаева Балайым Туғанбайқызы Қарғалы елді мекенінде ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Қарғалы елді мекеніне Сырдария өзенінің үстінен автокөліктер өтетін көпір құрылысын салу, егін шаруашылығына келетін су және жер мәселесі көтерді.
Халық қалаулысы өзекті мәселелерді назарға алып, Шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<