Педагогикалық колледж бірлік пен ынтымақ мерекесін атап өтті

960

0

Педагогикалық колледж бірлік пен ынтымақ мерекесін атап өтті Киелі Сыр өңіріндегі ғасырға жуық тарихы бар Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесін жоғары деңгейді атап өтті. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен  қарайтын ұжымда «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан!» атты мерекелік кеш оқу орнының басшысы Бақытжан Сайлыбаевтың мерекелік құттықтауымен басталды. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмас» – деген ұлағатты ұғым бар. Елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген «Славяне» этномәдени орталығының өкілі Бусыгина Майя Андреевна, Каратицкая Ирина, Скорикова Валентина, «Корей» мәдени орталығының өкілі Хегай Таисия Денековна, «Өзбек» мәдени орталығының өкілі Абсаматов Жорабай мен жұбайы Октам ханым,Ганиев Муслим  жұбайымен, Ибрагимова Галия өздерінің отбасымен  аталмыш шараның қадірлі қонақтары болды.  Кеш қонақтары мейрамға арналған ән шашуларын тарту ете отырып, көрерменнің риясыз қошеметіне бөленді. Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында өзге ұлт өкілдері қазақ елінде мекендеп, өз мақсаттарын ел мақсатымен ұштастырып Мәңгілік Елдің  негізін қалауға елеулі үлес қосып жүр. Сөзімізге дәлел, аталмыш оқу орнында білім алып жүрген алты  өзге ұлт студенттері өз тілдерінде  елге деген риясыз махаббаты мен шексіз алғыстарын жаудырды. Олардың жанарынан  болашаққа деген сенім мен мемлекетімізге деген сүйіспеншілік сезімдері айқын көрінді. 

Шара барысы оқу орнының өнерлі студенттерінің шуақты мерекеге арнаған өзге ұлт өкілдерінің ұлттық билері мен әндерімен жалғасын тапты.

   Педагогикалық колледж бірлік пен ынтымақ мерекесін атап өтті    Мерекелік шара колледж студенттерінен құралған топтың Қазақстанда бірлік пен бейбітшілікте өмір сүріп жатқан түрлі ұлттардың «Достық» биімен қорытындыланды. Кеш көрермендері мен қатысушылары халықтар арасындағы достықтың маңыздылығын ұғынып, ел бірлігі татулық пен ынтымақтастықта екенін тереңінен сезінді.Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойған болатын. Қазақстан халқы осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. Біздің жерімізде тоғысқан алуан ұлт пен ұлыстың, өзіміздің де береке-бірлік, достығымыз – өсіп-өркендеуіміздің алтын қазығы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<