Президент экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырды

3808

0

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жалған кәсіпорындармен және қасақана төлемеушілермен жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет. Оң динамиканы сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеру керек. Және ең қысқа мерзім ішінде Президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құру қажет» деді Қ. Тоқаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<