Әр балаға 21 мың теңгеден: Мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны көтеру туралы заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорда.«Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы жаңадан қабылданған «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» , – деп жазылған президенттің ресми сайтында.
Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін көтеруді Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан партиясының съезінде тапсырған болатын.





