Футболдан бірінші лиганың 2-турында қызылордалық «Қайсар» Түркістанда «Яссыдан» басым түсті.
Қызылордалық футболшылар ойынның алғашқы бөлігін ширақ бастап, кездесудің 15-минутында есеп ашты. Алаң иелерінің қорғаушысы Аян Құлмағанбетовке қарсы тәртіп бұзып, төреші 11-метрлік айып добын белгіледі. Нүктеге келген Мамаду Диалло мүлт кетпей, «Қайсарды» алға шығарды.
Матчтың екінші жартысында алаң иелері есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Алайда ойынға тыңнан қосылған Елжас Алтынбеков 80-минутта гол соғып, «Қайсарға» жеңіс сыйлады.
«Қайсар» : Салайдын, Жұмаханов, Педро, Горизанов (Бауыржан 71), Құлмағанбетов, Байжанов (Махан 80), Дылевский (Сламбеков 80), Бондаренко, Сахалбаев (Жалмұқан 71), Диалло (Алтынбеков 55), Сидоренко.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<