«Қайсар» Қазақстан кубогында қай командамен кездеседі?

1308

0

Футболдан 2022 жылғы Қазақстан кубогы алғашқы екі кезеңінің жеребесі тартылды.


Жарыстың аталған екі сатысында «Қыран» (Шымкент), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Оңтүстік академиясы» (Шымкент), «Байқоныр» (Қызылорда), «Жетісу» (Талдықорған), «Қайсар» (Қызылорда), «Игілік» (Тараз), «Яссы» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан), «SD Family» (Нұр-Сұлтан), «Алтай» (Шығыс Қазақстан облысы), «Жас Қыран» (Алматы), «Жас Сұңкар» (Нұр-Сұлтан), «Хан Тәңірі» (Алматы), «Арыс» (Түркістан облысы), «Aqtobe City» (Ақтөбе) командалары ойнайды

Алғашқы кезеңде командалар төмендегіше жұп құрады:

«Қайсар» мен «Оқжетпес»
«Яссы» мен «Хан Тәңірі»
«Жетісу» мен «Алтай»
«Қыран» мен «Оңтүстік академиясы»
«SD Family» – «Жас Қыран»
«Aqtobe City» – «Арыс»
«Игілік» – «Жеңіс»
«Байқоңыр» – «Жас Сұңқар»

Екінші кезеңде командалар өз қарсыластарын төмендегі тәртіппен анықтайды. «Aqtobe City» мен «Арыс» командалары «Жетісу» – «Алтай», «Қайсар» мен «Оқжетпес» командалары «Байқоңыр» мен «Жас Сұңқар» жұбының жеңімпазымен ойнайды. Ал «Қыран» мен «Оңтүстік академиясы» командалары «Игілік» пен «Жеңіс», «Яссы» мен «Хан Тәңірі» командалары «SD Family» мен «Жас Қыран» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Бірінші кезеңнің ойындары 5-6 сәуірде бірінші көрсетілген командалар алаңында өтеді. Әр кездесудің жеңімпазы бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<