Қызылордалық «Қайсар» 28 қаңтарда бастау алған жиынды аяқтап, үзіліске шықты. Жиын барысында 3 жолдастық кездесу өткізіп, 1-еуін жеңіп, 1 ойында тең түсіп, соңғысында есе жіберді.
Бірнеше ойыншы бапкерлер сынағынан өтті. Енді қызылордалық футболшылар 3 күннен кейін алаңға қайта оралып, жаңа маусымға соңғы дайындығын пысықтайды.
Түркия жеріндегі жиын 3 наурызға дейін жоспарланып отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<