Бурунди құрамасының шабуылшысы Бонфиль Калеб Бименьимана маусым соңына дейін қасқырлардың намысын қорғайды.
23 жастағы футболшы мансабының біршама бөлігін Еуропа чемпионаттарында өткізген. Атап айтар болсақ, Латвия біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы РФШ, литвалық «Атлантас», словакиялық «Погронье» секілді командаларда доп тепкен.
Сондай-ақ Бонфиль-Калеб Бурунди құрамасында 13 мәрте алаңға шыққан.
Жаңа футболшы алаңда 23 нөмірлі жейдемен ойын көрсетеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<