Қаланы қызыл қоңыздар басты

948

0

Әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясының Анапа курорттық қаласында қызыл қоңыздардың қаптап кеткені түсірілген видеожазбалар таратылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қонақүйде, жағажайда жүру мүмкін емес. Барлық жатын орындар бос. Бұл мутацияланған қызыл қоңыздар тәрізді. Олар шағып алады. Барлық жерде жүр. Қолыңды созсаң болды, бірден көресің», – дейді видеодағы жас қыз.

Шынымен де, видеода жағажайды жайлап алған қызыл қоңыздардың тым көп екені көрініп тұр.

Тағы бір видеода екі ер адамның қызыл қоңыздардан қашып жүргені байқалады.

«Мұндайды бұрын көрмеген едім», – дейді кадрдағы ер адам.

БАҚ жәндіктердің Анапа жағажайын басып алуы туралы баяндап отыр.

«Энтомолог мамандардың айтуынша, қызыл қоңыздың теңізге қарай жаппай ұшып келу себептерінің бірі – салқын әрі жаңбырлы жаз мезгілі. Ауа райының қалыпты емес жағдайы жәндіктер миграциясын күшейтеді. Анападағы жаңбырдан кейін келген ыстық күн райы қызыл қоңыздар үшін жайлы орта қалыптастырған», – деп хабарлайды қалалық Anapa.Media порталы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<