Қамшыбек Қоңқабаев WBA титулы үшін жекпе-жек өткізеді

817

0

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың (4-0, 3КО) келесі қарсыласы белгілі болды. ҚазАқпарат бұл туралы әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

25 наурызда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және әуесқойлар арасындағы Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Джонни Мюллер (23-9-2, 14КО) есімді оңтүстік африкалық боксшымен кездеседі.

Оңтүстік африкалық атлет 2009 жылдан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетіп келеді. Ол барлық жекпе-жегін өз елінде өткізген, шет мемлекеттерде үш рет айқасқан. Соның ішінде 2015 жылы Украинада Александр Усикпен (12 раундтық жекпе-жектің 3-раундында нокаутпен жеңілген) кездесті.

2014 жылы ол WBC International Silver титулына ие болды.

Қоңқабаев пен Мюллер жекпе-жегінде WBA Gold белдігі сарапқа салынады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<