Қасым-Жомарт Тоқаев: Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталады

1213

0

Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында коронавирус індетінің жаппай таралуына тосқауыл қойдық. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, халықаралық сарапшылар жоғары бағалады. Пандемия ел экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарай, Үкімет азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Табысынан айырылған адамдар қаржылай көмек алып жатыр. Мұның бәрі халықтың тұрмыс жағдайын төмендетпеу үшін жасалуда. Қабылданған шаралар өз нәтижесін бере бастағанын көріп отырмыз. Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады. Бірақ карантин режиміне байланысты іс-шаралар жалғаса береді. Бұл ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін аса қажет»,-деді Мемлекет басшысы.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<