Қазалыда 98 жастағы майдангер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

1007

0

Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, 98 жастағы Қабақ Смағұл коронавирусқа қарсы екпе салдырды.


Майдангер денсаулық зор байлық екенін алға тартты. Сондықтан қазір әлемді жалйған ақуіпті дерттің бетін қайтару үшін елді екпе қабылдауға шақырды.


Қабақ Смағұл қазіргі Бекарыстан би ауылында дүние есігін ашты. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты.
Бейбіт өмірде білек сыбана еңбек етті. Майдангер ағарту үйінің меңгерушісі, ауылдық кеңестің хатшысы лауазымын атқарды. Есепшілік саласында тура 40 жыл жұмыс жасады. Анамыз Күлжан екеуі он бала өсіріп, ел қатарына қосты. Балаларының баршасы жоға­ры білім алды. Бұл күндері қос абыз 21 немере, 20 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<