Қазалыда архив мамандарына құрмет көрсетілді

796

0

Өткен жылы Үкіметтің қаулысымен мерекелік күндер күнтізбесіне 22 желтоқсан – Архившілер күні болып енді. Осыған орай биыл Жарқынбек Қалымбет басқаратын аудандық архив ұжымы өздерінің кәсіби мерекелерін алғаш рет тойлауда.


Бүгін кәсіби мерекеге орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық архив мекемесіне арнайы барып, ұжым қызметкерлерін құттықтады.


– Архив – бұл тарихтың қайнар бұлағы. Ал, архив қызметкерлері – тарихымыздың тамыры, құнды құжаттардың шын жанашырлары. Жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған ақпараттық қазынамен жұмыс істейтін архив мамандары ел мүддесі үшін аянбай еңбек етіп келеді, – деді аудан басшысы.


Мұнан соң ұжым қызметкерлеріне «Құттықтау хат» табысталып, мекеменің қойма меңгерушісі Күлсін Меңдібаева мен ақпараттық технология бойынша инспектор Қайрат Торжымбаев аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.


Аудандық архив мекемесінің басшысы Жарқынбек Қалымбет ұжым мүшелерін құттықтай келген аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Кәсіби мерекенің белгіленуі бұл еліміздің архивистері үшін қуанышты жаңалық болғанын атап өтті. Сондай-ақ, 22 желтоқсанның «Архившілер күні» ретінде таңдап алынуы бекер емес екенін тілге тиек етіп, 1998 жылы дәл осы күні елімізде тұңғыш рет Ұлттық архив қоры жайлы Заң қабылданғанын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<