Қазалыда сахна саңлағының шығармашылық кеші өтті

710

0

Қазалы ауданында мәдениет саласының ардагері, әнші Кенже-Әлі Асқардың 65 жылдық мерейтойына арналған «Ән шуақты, сөзі қуатты» атты шығармашылық кеші өтті.


Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегері, «Қазалының Левитаны» атанған азаматқа жылы лебізін білдіріп, аудан әкімінің құттықтауын жеткізді.


Сондай-ақ, мерейтой иесіне облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірбек Исмайлов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев және Мақсатбаевтар мен Қожағұловтар әулетінің өкілдері де ізгі тілектерін айтып, құттықтау сөз сөйледі.

Шығармашылық кеште мерейтой иесінің әні мен сөзіне жазылған әндер орындалды. Мақсатбаевтар әулетіндегі өнерге таласы бар өнерпаздар сахна төріне көтеріліп, әсем әуендерді шырқады.


Әзіл-қалжыңға біртабан жақын ағамыздың «Кенже-Әлі айтқан екен» деген әңгімелері ел аузында көптеп айтылып жүр. Шығармашылық кеште Кенже-Әлі Мақсатбайұлының бір топ ізбасарлары мен өнердегі әріптестері «Кенже-Әлі айтқан екен…» деген миниатюрасын орындаған кезде залда отырғандар қыран-топан күлгіге қарық болды.

Айта кетейік, Кенже-Әлі Асқар ауданымыздың мәдениеті мен өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан азамат. Ағамыздың еңбегі еш кеткен жоқ. Өзінің кербез, даланың әсем табиғатындай қоңыр даусының арқасында «Қазалының Левитаны» деген атқа ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<