Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында өткен лагердьдің жазғы маусымының ашылу салтанатына қатысып, өнерлі жеткіншектердің концерттік бағдарламасын тамашалады.
Мерекелік шарада балалардың жақсы тынығып, уақыттарын тиімді пайдалануларына тілектестігін білдірді.
Қазіргі таңда лагерьдің бірінші ауысымында 125 оқушы демалуда. Балалар мұнда бес мезгіл тамақтанады. Олардың уақытты көңілді әрі пайдалы өткізуі үшін 12 тәрбиеші барын салып жүр. Балалар үшін 13 үйірме тұрақты жұмыс жасайды. Демалушылардың денсаулығына арнайы дәрігер мен стоматолог жауап береді.
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық талаптар қатаң сақталып, демалушылардың денсаулықтары тәрбиешілердің бақылауында.
Мерекелік шарадан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Шағала» лагерінің жатақханалары мен асханасын аралап, жұмысымен танысты.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов аудан басшысына өткен жылы балалар тынығу лагеріне жөндеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<