Қазалыда Сырдария өзеніндегі судың мәселесі талқыланды

653

0

Қызылорда облысы әкімінің ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары Бахыт Жаханов жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды. Негізгі мақсат – Сырдария өзеніндегі судың мәселесін талқылау.


Кездесуге аудандағы ауыл шаруашылығы дақылдарын егетін серіктестік директорлары толық қатысты.
Басықара ауылындағы су торабында өткен кездесуде Бахыт Жаханов Сырдария өзеніндегі судың қазіргі жағдай көңіл көншітпейтінін айта келе, шаруаларға су тапшылығын сездірмеу үшін қолдан келген шаралардың барлығын жасап жатқандарын айтты. Сондай-ақ, еліміздегі жауапты министрлік өкілдері көршілес елдермен келіссөздер жүргізіп жатқанын да тілге тиек етті.


Кездесуде «Жалаңтөс батыр» ЖШС директоры Қасқырбай Әлімбай, «Сыр маржаны» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Шаруалардың ұсыныстары мен ой-пікірлеріне облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Хамит Биімбетов жауап беріп, түсініктеме жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<