Қазалыда жаңа аумаққа газ беріледі

838

0

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу үшін Әйтеке би кентін аралады.


Бірінші кезекте абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа барып, сала басшыларымен кездесті. Кездесуде құрылыс жұмыстарының сапасына мән беруді қадап айтты.


Сондай-ақ, мердігер мекеменің басшысына кейбір сын-ескертпелерге қатысты жұмысты жеделдету тапсырылды.
Аудан басшысы мұнан соң Әйтеке би кентіндегі 5 квартал аймағында тұрғындарға жаңадан берілген аумаққа барып, жағымды жаңалыққа көз жеткізді.


Бүгінгі күні сала мамандары орын алған ақаулықтары қайта қалпына келтіріп, жоғарғы ауа қысымымен тексеріп сынау жұмыстарын аяқтады.


Қазіргі таңда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының қызметкерлері тұрғын үйлерді газ желісіне қосу үшін тиісті жұмыстарды жасап жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<