Қазалыда жаңа сауда орталығы ашылды

430

0

Бүгін Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентінде «Сезім» сауда орталығы ашылды.


Аумағы 1500 шаршы метр болатын сауда орталығын жеке кәсіпкер Күлай Батыр іске қосты.


Жобаның жалпы құны 200 млн теңге. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 23 млн теңге жеңілдетілген несие алған. Сауда орталығында 6 адам жұмыспен қамтылады.
Кәсіпкердің айтуынша, сауда орталығының бірінші қабатында 50 бутик ашылса, екінші қабаты тұрмыстық техникалар сататын «Эврика» дүкендер желісі арендаға алады. Бұл жөнінде алдын ала келісім бар.


Жеке кәсіпкер Күлай Айменқызы көп жыл кинопрокат мекемесінде жұмыс істеген. 2000 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. Кәсібін дөңгелетуге жұбайы мен балалары қолғабыс жасап, үнемі жанынан табылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<