Облыстық №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде қазақ күресінен 2006-2007 жылдары дүниеге келген кіші жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі мәресіне жетті.
Жарыс карантин талаптарын сақтай отырып, көрерменсіз өткізілді.
Балуандар бәсекесінде Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласының спортшылары жақсы қырыннан таныла білді.
Атап айтсақ, шиеліліктер Диас Маратұлы (38 келі), Марғұлан Қасымбек (42 келі), Қуаныш Қазнабек (55 келі), Ерасыл Халилаев (65 келі), қызылордалықтар Нұржан Тумырзаев (46 келі), Шейхрахман Бауыржанұлы (50 келі), Ардақ Мұңайтбас (70 келі), Сержан Қанатұлы (75 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Сонымен қатар,Түгіскен елді мекенінен Мирас Жұмақожа (60 келі) мен қазалылық Нұрдаулет Әмет (+75 келі) облыс чемпионы атанды.
Республикада эпидемиологиялық ахуал қалыпты болған жағдайда спортшылар үстіміздегі жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<