Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Евразия» мәдени спорт кешенінде халық балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған екі күнге созылған қазақ күресінен республикалық ашық турнир мәресіне жетті.
Жылдағы дәстүрге сәйкес, қазақ күресінен 2002 – 2004 жылдары туған жастар арасындағы республикалық ашық турнир 10-мәрте ұйымдастырылды.
Жарыстың бірінші күнінінде 5 салмақ дәрежесі бойынша, екінші күні 4 салмақ дәрежесі, жалпы 9 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қызылорда қаласы әкімдігінің дипломдары мен арнайы медальдары, сондай-ақ жарыс ұйымдастырушылары тарапынан естелік медальдары мен қаржылай сыйақылар табысталды.
55 кг салмақ дәрежесі бойынша жарыс жеңімпаздары атанған балуандарды Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Орманов, 60 кг салмақ дәрежесі бойынша Жамбыл облысының қазақ күресінен аға жаттықтырушысы Руслан Мухамедгалиев, 66 кг салмақ дәрежесі бойынша ҚР-ның жастар арасындағы қазақ күресінен аға жаттықтырушысы Тәліп Бауыржан, 72 кг салмақ дәрежесі бойынша қазақ күресінен ҚР-ның аға жаттықтырушысы Жеңіс Биткөзов марапаттады.
Додада еліміздің 15 өңірінен жас спортшылар бақ сынады.
Жалпы, командалық есепте ІІІ орынды Шымкент қаласы, ІІ орынды Жамбыл облысы, І орынды Қызылорда облысының командасы жеңіп алды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<