Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

744

0

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Олар ширек финалда Иран құрамасынан басым түсті.

Кездесу аса тартысты өтті. Алғашқы минуттарда ирандық спортшылар тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңнің 8-минутында Мослем Оладгобад есеп ашса, 15-минутта Ахмад Эсмаилпур есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде қазақстандық футзалшылар алға қарай ұмтылды. Ойынның 25-минутында Дәурен Тұрсағұлов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 29-минутта Арнольд Кнауб таразы басын теңестірді. Ойынның 39-минутында қазақстандық Тайнан жеңіс голын соқты.

Осылайша Қазақстан қарсыласын 3:2 есебімен жеңді.

Енді 29 қыркүйекте өтетін жартылай финалда Бразилия мен Аргентина кездессе, 30 қыркүйекте Қазақстан мен Португалия ойнайды.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионатының финалдық сатысында екі мәрте бақ сынаған еді. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<