Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

893

0

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Болжамға сәйкес, Батыс Сібір орталығынан созылып жатқан циклон әлі де республиканың шығыс жартысына әсер етіп, қолайсыз ауа райын қалыптастырады. Мұнда жаңбыр жауады, шығыс пен оңтүстік-шығыста нөсер болады. Сондай-ақ, найзағай ойнап, бұршақ жауып және екпіні күшті жел соғады.


«Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде ауа температурасы түнде 5-13, күндіз 15-23 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде түнде 8-18, күндіз 18-34 градусқа дейін, ал батыс бөлігінде түнде 17-27, күндіз 30-40 градусқа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<