Қазақстанда алдағы үш күнде қатты жаңбыр жауып, дауыл болады

791

0

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 13-15 шілдедегі ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері ел аумағында салқын, жаңбырлы ауа райы күтіледі.

“Республиканың басым бөлігінің ауа райына циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. Ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел жүреді”, – дейді синоптиктер.

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің кейбір аумақтарында ауа температурасы түнде 7 градусқа дейін төмендейді.

“Батыста ауа температурасы түнде +12+22℃, күндіз +25+35℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз термометрлер +12+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8+20℃, күндіз +15+28℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +25+32°С болады”, – дейді мамандар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<