Қазақстандық ауыр атлеттің суициді: іс жабылды

687

0

Полиция өз-өзіне қол жұмсаған ауыр атлет Альберт Линдердің өлімі бойынша қылмыстық істі жапты. Қазақстандық зілтеміршінің анасы тергеудің жалғаспайтынын айтты. Ол бұл шешіммен келіспейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Наталья Линдерге қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылғаны туралы хабарлама келген. Марқұм болған зілтеміршінің анасы ұлы бірге жаттыққан Олимпиаданың қола жүлдегерлері куәлік бергенін айтты. Әйел полицияға қайта арыз жазбақ ниетте.

«Альберттің бапкері Сергей Седов ұлым қайтыс болғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Ол баламның төрт допинг сынамасының нәтижесі таза, ал соңғы бесіншісі таза емес болып шыққанын айтты. Онда допинг компаниясы келіп банкаларды ұсынып, құжаттар толтыратынын айтқан. Содан кейін біз Альберттің 29 допинг тексеруден өткенін және олардың барлығы таза болғанын білдік. Осы факт бойынша мен арыз жазып барлық құжатты полицияға бергенмін», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<