ҚАЖ мекемелеріндегі жағдай тұрақты

596

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Есенкелдиевтің мәлімдеуінше, бұл режим Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлықтарының негізінде ағымдағы жылдың 19 қаңтарына дейін қолданылатын болады.

Осыған байланысты, яғни елдегі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жоғарыда аталған режимнің қолданылу кезеңінде ҚАЖ мекемелерінің ішкі күн тәртібі уақытша өзгертілетін болады.

Мекемелерде ұсталған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғаларға жол бермеу мақсатында, Қылмыстық- атқару Кодексінің 105-113 баптарында көзделген: сотталғандардың, сондай-ақ тергеу- қамауға алынған азаматтардың құқықтарын іске асыруда уақытша шектеу шаралары қолданылады.

Бұл ретте, сотталғандарға сәлемдемелер заңнамада белгіленген тәртіппен берілетін болады.

Кездесулердің барлық түрлері және телефон арқылы сөйлесулер, оның ішінде бейнебайланыс арқылы сөйлесулер шектеледі.

Мекемелерден тыс жерлерге шығу тоқтатылады. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық- атқару Кодексінің 143-бабының 9-бөлігіне сәйкес, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан азаматтар өздері жұмысқа орналасқан ұйымдарға жіберілмейтін болады.

«Барлық мүдделі тұлғалардан шектеу шаралары аяқталғанға дейін сабырлық сақтауды және түсіністікпен қарауды сұраймыз. Сондай-ақ, жалған ақпараттар таратпауды және ресми түсініктемелерге жүгінуді сұраймыз.

Мекемелерде ерекше жағдайлар режимінің енгізілуіне байланысты берілмеген кездесулер сақталады және жағдай тұрақталғаннан кейін беріледі»,- деді департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиев.

Қызылорда облысының ҚАЖ мекемелерінде барлық коммуникациялық жүйелер үздіксіз жұмыс жасап тұр (Су, электр және жылумен жабдықтау).

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелеріндегі жағдай тұрақты. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 23-48-07 нөміріне хабарласа алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<