Бүгін Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №29 Қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, биылғы жылдың 26 желтоқсаны мен 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін бірқатар шектеулер енгізілді.
«Енді қоғамдық тамақтану, ойын-сауық, кәсіпорындарда, мекемелер мен кеңселерде ұжыммен ұйымдастырылатын Жаңа жылдық іс-шараларды, көпшілік жиналатын орындарда оның ішінде жабық үй-жайларда, жаңажылдық театрландырылған көпшілік қойылымдарды, аниматорлар мен қуыршақтар қызметіне, шоу-бағдарламаларды, концерттерді және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады», – деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға Жаңа жыл мерекесін ұжымдық тойлаудан бас тарту ұсынылды.
«Бұл карантин талабын сақтау үшін қабылданған шешім. Карантин талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметшілер жауапқа тартылатындығын ескертті», деп мәлім етті Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.
Еске сала кетелік, коронавируспен күресте Қызылордада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<